14:17, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Квазимемлекеттік борыштарды басқару жүйесін жетілдіру керек - Қаржы министрі
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік борыштарды басқару жүйесін жетілдіру керек. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік, мемлекеттік кепілдік берілген және квазимемлекеттік борышты басқару» атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, халықаралық қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, қазіргі таңда мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштар қалыптасып отыр. «Біз ең алдымен осы екеуін басқару бойынша шаралар қабылдауымыз керек. Оның ішінде квазимемлекеттік борыштарды басқару жүйесі одан сайын жетілдіре түсуді қажет етеді. Мен осы мінберде Үкімет мүшесі ретінде осыны ресми түрде мәлімдеймін», - деді Б. Жәмішев.