Квазимемлекеттік секторға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда - О.Өксікбаев

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік секторға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев айтты.
None
None
Оның атап өтуінше, мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғалар саны артып отыр. Мұны Елбасы Н.Назарбаев та 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан еді. «Бұл ретте мен біздің елімізде жасырын мемлекет меншігіне алу жүріп жатқандығын айтқым келеді. Квазимемлекеттік секторға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда әрі бұл активтердің «жұтылуымен» ілесе жүруде», - деді ол. Депутаттың сөзіне қарағанда, ұлттық компаниялардың жарғылық қорына бюджет қаражатын салу олардың биліктен айырылуына әкеп соғады. Соның салдарынан олар талан-таражқа түседі.
Соңғы жаңалықтар