Қылмыскерді Ресейден Қарағанды облысына экстрадициялады

ҚАРАҒАНДЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қылмыскерді Ресейден Қарағанды облысына экстрадициялады. Бұл туралы бүгін облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«2011 жылы ақпан айының соңында РФ Липецк қаласында Қарағанды полиция қызметкерлерімен ұсталған қылмыскердің экстрадициялау процесі аяқталды. Ол қазіргі уақытта Қарағанды қаласының тергеу изоляторында. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Полицияның берген ақпараты бойынша, адам өлтіргені үшін 29 жастағы ер адам мемлекеттік іздеуде болған. Қылмыс алты жыл бұрын жасалған. Ұсталған қылмыскер қызды зорлап, артынан оны өлтірген. Бұрын да сотталған қылмыскердің көмегімен азаптап өлтірген қаніпезер қыздың денесін жол өтпесіне жасырған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар