Қылмыстық істі жабу үшін жалған полицей жарты миллион теңгеден астам қаражат сұраған
Полицияда арыз бергенде әйел таңы сағат бестер шамасында оның баласы қоңырау шалып, біреуді пышақпен жарақаттап алғандықтан полиция бөліміне түскендігін айтқандай болғанын жеткізген. Кейін ол полиция қызметкері деп біреуге тұтқаны берген екен. Жалған тәртіп сақшысы жапа шегуші ауруханада жатқанын, қылмыстық істі жабу үшін 540 мың теңге керек екенін айтқан.
Әйел мұндай соманың жоқ екенін, алайда ұлының жарымен сөйлесіп көретіндігін айтқан. Белгісіз біреу тұтқаны қоя салған. Кейін ұлының үйде болғаны анықталыпты.
Алаяқтық әрекеті фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактісі азайған. Азаматтар мұқият болып, ақпараттың шынайы екеніне көз жеткізуге тырыса бастады.