Қылмыстық іздеу қызметкерлері күнінде Қостанайда 150 жедел қызметкер марапатталды

ҚОСТАНАЙ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қылмыстық іздеу қызметкерлері күнінде Қостанай облыстық ІІД-нің 150 жедел қызметкері марапатталды.
None
None

ІІД-нің бастығы Тілеген Мәткенов полицияның ардагерлері мен қызметкерлеріне арнаған сөзінде қылмыстық іздеу қызметінің ішкі істер органдарының жүйесіндегі ерекше қызмет екенін және техникалық прогрестің қаншалықты алысқа аяқ басуына қарамастан қылмыстарды ашу желел қызметкердің білімінсіз іс алға баспайтынын атап өтті.

Жыл басынан бері Қостанай облыстық ІІД-нің қылмыстық полициясы алты мыңнан астам қылмысты ашты, соның ішінде 53-і - адам өлтіру, 91-і - денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 38-і қарақшылық, 662-ы тонау, төрт мыңнан астам өзгенің мүлкін ұрлау фактісі бар, із-түссіз жоғалған 156 адам ұсталып, 184 қылмыскер ұсталды.

Үздік жедел қызметкерлер жұмыста қол жеткізген жетістіктері үшін облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. 10 қызметкерге ІІМ-нің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары табысталды. «К» тобының қызметкері, полиция майоры Жанар Мұғалова «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» ІІ дәрежелі төсбелгісімен марапатталды. Бұл шарада ардагерлер де құттықтаулардан құр қалмады.

Мереке құрметіне өткізілген концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары - ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, алматылық Rockfeller тобы және оның әншісі Алексей Горячев өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар