13:06, 02 Маусым 2010 | GMT +5
Қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы Еуразиялық топтың құрамы кеңейді
АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы Еуразиялық топқа (ЕАГ) Түркіменстан мемлекеті мүше болды.
Бұл жайлы бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру орталығында өтіп жатқан 12-ші отырыста айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЕАГ төрағасы Олег Марковтың сөзіне қарағанда, бұл отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұйым құрамын кеңейту. Мамырдың 31-інде басталған мәжіліс барысында Түркіменстан мүше боп қабылданып, ал Чергория мен Сербияға бақылаушы мәртебесі берілген.
«Еуразиялық топтың толық құқықты мүшесі болу біз үшін маңызды оқиға. Ақбұлақта қабылданған бұл шешім біз үшін тарих мәнге ие. Түркіменстан жұмысты белсенді түрде жалғастыруға дайын», дейді Түркіменстан Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг басқармасының бастығы Мұхаммедмұрат Шамұхамедов.