Қылмыстың алдын алу үшін полиция күзет ұйымдарының ресурстық базасын пайдаланбақ
«Кездесуде көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Проблемаларға бағдарланған талдау негізінде, оның ішінде азаматтардың белсенді қатысуымен қызмет атқарудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу талқыланды. Күзет ұйымдары қауымдастығы полицияға жәрдемдесу үшін ресурстық базасы бар күзет ұйымдарының әлеуетін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ, террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде мектептерде қауіпсіздікті күшейту шаралары да ұмыт қалған жоқ. Ғимараттардың дизайны, ландшафт және сыртқы орта қылмыстың алдын алу операцияларын орындауға кедергі келтіруі мүмкін деген болжамдар да қаперге алынды», - деп мәлім етті Шұғыла Тұрлыбек.
Мәлім болғандай, кездесу кезінде өңірлердегі бейнебақылау камераларының санын ұлғайту, көшелерді жарықтандыру және демалыс орындарында қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері қаралды.
Қоса кетсек, өткен апта ішінде елімізде 2 800 қылмыс жасалған.