«Қымыздан - дәрі» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 20 қаңтар, сейсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінде «Қымыздан - дәрі» атты мақала берілген. Павлодар облысының Қазы ауылы «Алтай» шаруа қожалығы бие сүтін құрғақ күйіндегі таблетка тәріздес етіп шығаратын өндіріс ашпақшы. Қожалық Германияның Орталық Азиядағы өкілдігі арқылы заманауи құрал-жабдықтарын сатып алуға көмектесу бойынша келіссөздер жүргізуде. Әрине, қымыздан дәрі жасайтын шетелдік құрал-жабдықтың құны қымбат. Ауылдың Малыбай, Қазы деген аттарына сай, несие арқылы жол ашылса, қымыздан дәрі жасау - жаңалық. Қымыз өндірісімен айналысатын шаруашылық 1992 жылы ашылды. Қазір жебе тұқымдас 700-дей жылқысы бар. Шаруашылық басшысы Сәтбек Мукин 2001 жылдан бері қымызды бөтелкеге құйып сатумен айналысуда. Ісі табысты. Тәулігіне 300 литрге дейін қымыз өндіріледі, бір литрінің бағасы - 400 теңге. Келесі жылдан бастап өнімнің тәуліктік мөлшерін 1 тоннаға дейін көбейтпек. Қожалықта 20 адам жұмыс жасайды. Екіншіден, «Алтайдың» қымызы халықаралық ИСО сапа сертификатына ие. Жыл сайын өткізілетін «Зеленая неделя» атты халықаралық көрменің тұрақты қатысушысы.

Бас басылымда «Қар құрсауынан жүкті әйел құтқарылды» деген мақала басылды. Адамдар көп жағдайда сақтық шараларын естен шығарып алып жатады, бүгінгідей ауа райының құбылмалы кезінде қанша ескертілсе де, жолға шығып кететін оқиғалар аз кездеспейді.

Жақында солтүстік­қазақстан­дықтардың ұялы телефондарына «112» нөмірі арқылы облыс аума­ғында күннің күрт суытып, желдің күшейетіні туралы жедел хабар жолданған болатын. Алайда, кей елді мекен тұрғындары бұған құлақ аспас­тан жолға шыққан. Ақыры не болды дейсіз ғой? Тек Шал ақын ауданында ғана 175 адам қар құрсауында қалған. «ҚазАвтоЖол» АҚ пен СҚО ішкі істер департаментінің өзара келісімімен республикалық және жергілікті маңыздағы барлық жолдардың жабылатыны жайлы хабардың түскеніне қарамастан, бірқатар төтенше оқиғалар орын алды. Атап айтқанда, Тимирязев, Аққайың, Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Жамбыл аудандарында 151 көлікке мінген 382 жолаушыға жедел көмек беруге тура келді.

Семиполка ауылына бара жатқан жеңіл көлік ішінде өзге жүргіншілермен бірге жүкті әйел де болған. Осындай бейқамдықтың ақыры опық жегізіп жатса кімді кінәлауға болады?

***

«Айқын» газетінің жазуынша, ел Парламентінен Үкімет басшысына дабыл көтерген хат жолданды. Онда сенатор Қуаныш Айтаханов Қазақстаннан кетушілер санының елімізге келушілер санынан асып түскендігіне алаңдаушылық білдіреді. Қалаулыны, сондай-ақ республика азаматтығын алушылар қатарында қандастарымыздың азайып кеткендігі мазалайды. Сенат депутаты бүгінде елімізде көші-қон мәселесі, оның ішінде «оралман» аза­­маттардың мәселесі өте өзекті болып отыр­ғандығын Премьер Кәрім Мәсімов­тің қаперіне салады.

- 2020 жылға дейін халық санын 20 мил­лиондық межеге жеткізуді көздейтін Қа­зақстан үшін этникалық қазақтарды елге әкелу мәселесі - аса маңызды стра­те­гиялық міндеттердің бірі! - деп нық­тайды Қуаныш Айтаханұлы. - Еліміз Тәуел­сіздік алғаннан бері Қазақстанға орал­ған шетелдік қандастарымыздың са­ны 1 миллионға жуықтаған. Бұл - өте қуан­­­тарлық көрсеткіш. Алайда, соңғы жыл­­дар­дағы көші-қон мәліметтерінен те­ріс са­ль­доны байқаймыз.

Депутаттың жазуынша, 2014 жылдың 11 айында елімізден 26 мың 869 адам бас­қа мемлекеттерге көшіп кеткен. Олардың 1 мың 89-ы немесе 4 пайызы - қазақтар! Өзгелерінің 18 мың 868-і немесе 70 пайызы - орыс, қалғандары - басқа ұлт өкілдері. Ал осы уақыт аралығында елімізге 15 мың 185 адам көшіп келген. Елге келушілердің са­ны елден кетушілердің санынан 11 мың 684 адамға немесе 44 пайызға аз. Жалпы, ресми органдар ақпаратына сүйене отырып, бұл айтылғанды мына деректермен толықтыруға болады: Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полиция­сы мәліметінше, былтырғы 2014 жылғы қаңтар-қарашада елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны алдыңғы 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 31,4% кеміп кеткен (15 185 адам ғана). Елі­мізден кеткен көшіп-қонушылардың саны керісінше 18,8%-ға артып отыр. «Былтыр еліміздің азаматтығын алған адам­дардың 9 мың 19-ы ғана - қазақтар» дейді сенатор. Бұл жайында «Көштің беті неге бұрылды?» деген мақалада толық берілген.

Осы газетте «Гастарбайтер қаптаса...» атты мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. Әлем бойынша миграция мәселесі күйіп тұр. Нақты деректерге сүйенетін болсақ, халықаралық мигрантар саны 2010 жылы 214 миллион болса, 2013 жылы 232 миллионға жетіпті.

Халықаралық миграция жөніндегі ұйымның келтірген дерегіне сенсек, 2050 жылдарға қарай 405 миллионға дейін ұлғаймақ көрінеді. Соның ішінде еңбек мигранттары қаулап өсіп келе жатқанға ұқсайды. Тағы бір ресми дерекке сүйенсек, Еуроодақ аумағында 30 миллион мигрант бар. Көрші Ресейде де жағдай мәз емес. «700 мың адам ғана тіркелген, ал 10-15 миллион шетелдік тіркеусіз жүр» деген нақты дерек бар. «Бұл үлкен қауіптің көзі. Мәселен, миграция мәселесін дұрыс жолға қоя алмаған Еуропа елдері қазір соның жазасын тартып отыр. Солтүстік Африка, араб елдерінен келетін мигранттардың көбі арнайы мамандар емес. Екі қолға бір жұмыс деп қаңғып келгендер. Жұмыс таппаған олар түрлі қылмысқа барады. Соның кесірінен терактілер, жарылыстар, дүмпулер орын алып жатыр. Егер Еуроодақ миграция мәселесін дұрыс шеше алмаса, алдағы қырық-елу жылдан кейін осы аймақтағы кейбір мемлекеттер африко-араб, яғни мұсылман мемлекеттеріне айналып шыға келмек» деседі көптеген сарапшылар.

Содан болар, Ресей мигранттарға бай­ла­нысты заңды күшейтті. Соның ішінде еңбек мигранттарына байланысты. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген заң бойынша, Ресейге келетін шетелдік жұ­мысшылар арнайы емтихан тапсырады. Қыс­қасы, уақытша тұру және жұмыс істеу үшін орыс тілінен, Ресей тарихынан және құ­­қықтанудан ауызша және жазбаша сы­нақ­тан өтесің. Демек, орыс тілін шекіл­деуік­ше шақпасаң да, жөн сұрайтын халде болуың керек.

Соңғы жаңалықтар