08:26, 10 Ақпан 2025 | GMT +5
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті.

Есеп: 14-0. Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.
Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі.
Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады. Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.
Бүгін Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында төрт спорт түрінен сынға түседі.