Кёрлингтен Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласындағы «Сарыарқа» мұз сарайында өтіп жатқан кёрлингтен Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды.

Кёрлингтен Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Аталған жарысқа еліміздің көптеген өңірінен 78 спортшы келді. Олардың 40-ы ерлер арасында сынға тсүсе, қалғаны әйелдер арасында бақ сынайды.

Қазақстан кубогында ерлер арасында Астана қаласы топ жарса, одан кейінгі орындарды Алматы қаласы мен Қостанай облысы өзара бөлісті.

Ал әйелдер арасында Алматы қаласы бас жүлдеге ие болса, Алматы облысы мен Астана қаласы үздіктер қатарынан көрінді.

Айта кетсек, аталған жарыс 8 маусым күні мәресіне жетеді.

Еске салсақ мамыр айында 2026 жылғы Милан-Кортина қысқы Олимпиада ойындарының керлинг спортынан алғашқы жолдамалары үлестірілді.

Халықаралық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Олимпиадада керлингтен әйелдер мен ерлер арасындағы, аралас жұптық сында жүлделер сарапқа салынады. Онда жеті әйелдер және жеті ерлер құрамалары 2сынға түседі.

 

Соңғы жаңалықтар