Қырағы өскемендіктер үйдің кіреберісіндегі күдікті сөмке туралы хабарлады
Шығыс Қазақстан облыстық ІІД хабарлағандай, кезекшілік бөліміне тұрғын үйдегі кіреберістердің бірінің тұрғыны 4-қабатта қалдырылған сөмке туралы ақпарат берген.
Саперлік топ жұмыс жасап жатқанда 30 тұрғын эвакуацияланды. Кейін анықталғандай, сөмкенің ішінде тек газеттер болған.
Бұл «күдікті сөмке» туралы келіп түскен бірінші хабарлама емес, деді департаменттегілер. Қала тұрғындарының аңғарымпаздығы екі есе артты, әсіресе әлем бойынша болып жатқан лаңкестік әрекеттер алаңдатпай қоймады, деп атап өтті полицияда. «Біз қала тұрғындарынан келіп түскен әр үрейлі қоңыраумен жұмыс жасауымыз керек, деді баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Тұрғындар жедел қызметкерлер мен саперлер күдікті затты тексеріп жатқанда, сабырлылықпен сыртта күтуі керек».