Қыран балықшының олжасын іліп алып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook пайдаланушы Эштон Филлипс қыранның қайығына шүйіліп, балығын іліп алып кеткен сәті түсірілген видеоны жариялады.
Филлипстің айтуынша, ол алып құсты байқап, оны түсіру үшін фотоаппаратын дайындаған. Алайда қыран құс күтпеген жерден оның қайығында жақындай түскен.
Балықшы аппаратты жылдам видео түсірілім режіміне ауыстырып үлгереді. Кадрға құстың қайыққа шүйілген күйі ондағы балықты іліп алып, кері ұшқан сәті түсіп қалған.