«Қырғи-қабақ соғыс» кезіндегі бункер интернет-аукционға шығарылды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Ұлыбритания аумағында орналасқан «қырғи-қабақ соғыс» кезіндегі бункер eBay интернет-аукционына шығарылды,
None
None

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Сауда ақпанның 25-інде 500 фунт стерлингіден басталды. Үш күннің ішінде баға 50 есе өсті. Ақпанның 28-інде бункерге 27,5 мың фунт ұсынылды. Аукцион наурыздың 7-сінде аяқталады.

Саудаға шығарылған бомбапана ядролық соғыс бола қалған жағдайда пайдалану үшін 1959 салынған. 1991 жылға дейін Корольдік корпус қарамағында болды. 4,5 метрлік тереңдіктегі жерасты бункерінің көлемі 15х15 метр.

Соңғы жаңалықтар