Қырғыз азаматтарының Қазақстанда 90 күнге болуына рұқсат беріледі - Заң жобасы

АСТАНА.  27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасы аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.
None
None

Аталған келісім 2012 жылғы 11 мамырда Астана қаласында жасалған. Және құжат екі ел арасындағы достықты нығайтуды, екі ел азаматтарының қарым-қатынасын реттеуді көздейді. Келісімге сәйкес бір мемлекеттің аумағында жүрген екінші мемлекеттің азаматы өзі келген мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес уәкілетті органдарға тіркелуге міндетті. Ал келуші азаматтарды тіркеу екінші мемлекеттің шекарасынан өткен кезден бастап 90 тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Бұл мерзім дәл осындай 90 тәулікке кейіннен ұзартылуы мүмкін. Ал келуші азаматтар 5 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Соңғы жаңалықтар