Қырғыз азаматы Қазақстанға бөтен құжаттармен өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандық шекарашылар «Чалдыбар-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасынан бөтен біреудің құжатымен өтпекші болған қырғызстандық азаматты ұстады. 
None
None

Бұл жайлы Кабар хабарлады. Қырғызстан Республикасы мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі 1973 жылы туған қырғызстандық азаматтың шекара жасағына басқа біреудің құжатын ұсынғанын мәлім етті. Артынша күдіктінің  сот міндеттемелерін орындамауына байланысты республика аумағынан шығуға тыйым салынғаны анықталды. Тиісті құжаттар рәсімделгеннен кейін, ұсталған азамат Қырғызстан ІІМ территориялық бөлімшесі қызметкерлеріне табысталды. 

Соңғы жаңалықтар