Қырғыз елінде орын алған оқиғаны өршітпей шешу жолындағы Қазақстанның көмегін жоғары бағалаймыз - Абдолла Гүл

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қырғыз елінде орын алған оқиғаны өршітпей шешу жолындағы Қазақстанның көмегін жоғары бағалаймыз. Бүгін ҚР Парламенті депутаттарының алдында сөз сөйлеген Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүл осылай мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қырғыз елінде сәуір айында орын алған және бізді алаңдатқан оқиғаларды одан әрі өршітпей тұрып шешу жөнінде ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстанның көмегін жоғары бағалаймыз. Дос әрі бауырлас қырғыз елінде болған оқиға бізді де қатты толғандырды. Сондықтан да, қырғыз елінің қазіргі уақытша кезеңнен табысты өтуіне және қырғыз халқының демократиялық басшылықпен өркендеуіне тезірек қол жеткізуі үшін қабылданатын шаралардың бәріне қолдау жасауға дайын екенімізді осы орайда тағы бір мәрте қуаттағым келеді. Біз қырғыз халқына осындай қиын-қыстау кезінде көмек көрсету ең әуелі бауырлас елдің міндеті деп түсінеміз», деді А. Гүл.

Сонымен бірге, Түркия басшысы Н. Назарбаевпен осы мәселеге байланысты кеңескенін, онда қырғыз еліне жан-жақты қолдау жасау жайы талқыланғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар