Қырғыз-қытай шекарасы 7 маусымнан бастап уақытша жабылады
БІШКЕК. ҚазАқпарат - 7-9 маусым аралығында қырғыз-қытай шекарасы уақытша жабылады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды Кабар.
«Қытай тарапының бастамасымен «Күріш мерекесін» тойлауға байланысты Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік қырғыз-қытай шекара учаскесіндегі «Торугарт автожолы» және «Иркештам автожолы» өткізу бекеттері 2019 жылдың 7-9 маусым күндері аралығында уақытша жабылады», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай учаскесіндегі өткізу бекетінен адамдар, көлік құралдары және жүктердің өткізілуі 2019 жылдың 10 маусымынан бастап жүзеге асырылады.