Қырғыз-өзбек шекарасында 5 балдық жер сілкінді

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Кабар.

Қырғыз-өзбек шекарасында 5 балдық жер сілкінді

Қырғыз сейсмология орталығының мәліметінше, бірқатар елді мекенде 5, 4, 3,5 балдық жер сілкінген.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.