20:47, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Қырғыз Республикасы президентінің кубогына арналған І халықаралық турнир өтті
БІШКЕК. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстанда бокстан Қырғыз Республикасы президентінің кубогына арналған 1 халықаралық турнир аяқталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат "24.kg" агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Қырғыз Республикасындағы бокс федерациясының бас хатшысы Бердалы Алымқұлов хабарлады.
Оның айтуы бойынша, бұл сайысқа Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің 88 мықты спортшылары қатысқан. Солардың қатарында Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Қанат та болды, ақтық шайқаста оған қарсы шыққан қырғызстандық Руслан Кәріпов күш көрсетіп баққанымен, чемпионның тегеурініне төтеп бере алмады.
Қалған салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандықтар арасында Қанат Әбутәліпов (54 кг), Айдар Шәрібаев (64 кг) турнир чемпиондары атанды.