16:21, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қырғыз сарапшысы Қазақстан Президентінің Орталық Азия өңірлерінің экономикалық ықпалдастығы бастамасын мақұлдайды
БІШКЕК. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – «Кабар» қырғыз ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында «Седеп» зерттеу орталығының жетекшісі Орозбек Молдалиев Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиевтің жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесуіне түсіндірме беріп, онда республиканың сыртқы саясатындағы басымдықтарды атап көрсетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Кабар» қырғыз ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында қырғыз сарапшысы ортаазиялық аймақ әр кезде де ұлы державаларды өзіне тартып отырғанын атап өтті. «Қ.Бакиев көршілермен қарым-қатынасты нығайту қажеттілігін дұрыс айтты. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ықпалдастықты тегіннен-тегін ұсынып отырған жоқ. Оның әрекеттері аймақтағы көшбасшылыққа ұмтылыс ретінде қабылдануы мүмкін. Бірақ өңірге лидер керек және одан еш оғаштық көріп тұрғаным жоқ», ? деп сөзін қорытындылады саясаткер «Кабар» тілшісіне берген сұхбатында.