Қырғызстан аумағында 3 жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 12:35-те, 12:41-де және 14:53-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі үш жер сілкінісін тіркеді.
Әуелгі жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 147 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,8, магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 15 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.
12:41-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы да Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 147 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,3, магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.
Соңғы, 14:53-те болған жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 442 шақырым қашықтықта Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасы маңында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9, магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 5 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.