Қырғызстан азаматы Қазақстан шекарасы арқылы Ресейге есірткі алып өтпекші болған

ҚОСТАНАЙ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қарабалық ауданы ішкі істер бөлімінің полицейлері жедел өткізген іс-шаралар барысында есірткі тасымалымен айналысатын Қырғызстан азаматы қолға түсті.
None
None

«Қайрақ» кедендік бекетінде полицейлер ішінде 17 адам болған шағын рейстік автобусқа тінту істерін жүргізген. Олардың барлығы ақша табу үшін Қырғызстаннан Ресейдің Челябі қаласына кетіп бара жатқан болатын.

«Автобустың еденінен ішіне 1 килограмм гашиш салынған қара папка табылып, тәркіленді», - деп хабарлады брифингіде Қостанай облысы ІІД басқарма бастығы Елена Кашарина. Оны тасымалдаған адам анықталып, қамауға алынған.

ҚР ҚК «Есіртік заттарын контрабандасы» туралы 250 бап, 4-ші бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер 15 жылдан 20 жылға дейін, немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар