Қырғызстан азаматы Қазақстанға 9 келіден астам героин өткізбек болған (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қырғызстан шекарасында ірі көлемде есірткі партиясын өткізудің жолы кесілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
None
None

17 шілдеде сағат 18.30 ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шекара жасағы «Қордай авто» өткізу бекетінде 1979 жылы туған Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Ол Қырғызстаннан Қазақстан Республикасына «Мерседес бенц» көлігімен келе жатқан.

Арнайы иттің көмегімен көлікті автомобильді тексеру кезінде артқы орындықтың астында сұр түсті зат табылды. Бұл салмағы 9 келіден асатын героин болып шықты.

Соңғы жаңалықтар