19:38, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қырғызстан БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты аймақтық тобының үйлестірушісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан 2015 жылы БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты аймақтық тобының үйлестірушісі болды, деп хабарлайды дүйсенбіде ҚР СІМ-нің баспасөз парақшасына сілтеме жасаған КирТАГ.
«2015 жылдың 16 қаңтарында Женева қаласында Азия-Тынық мұхиты аймақтық тобына мүше мемлекеттер Елшілерінің кездесуі болды. Аталған кездесуде аймақтық топта үйлестірушілікті Қазақстаннан Қырғызстан еліне тапсыру рәсімі өтті. Қырғызстан БҰҰ-ның аталған тобының 2015 жылғы үйлестірушісі болды», - деп ақпараттандырады ведомство.
БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің жанында аккредиттелген дипломатиялық корпустың арасында адам құқықтары және гуманитарлық қызмет мәселелері бойынша бес аймақтық географиялық топ жұмыс істеуде.
Қырғызстан Азияның Женевада ғаламшар тұрғындарының көп бөлігі тұратын 53 елдің миссияларымен ұсынылған аймақтық тобына кіреді.