18:40, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Қырғызстан электр қуатын сатып алу үшін қазақстандық бес компаниямен шартқа отырды
БІШКЕК. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғызстанда қазіргі күні қырғыз электр қуатын сатып алатын бес қазақстандық компаниямен шартқа қол қойылды.

«Электр стансылары» ААҚ экспорт бөлімінің бастығы Кутбидин Нәжімеденовтің айтуынша, бүгін бесінші импортер компания «Актив Энерготрейд» ЖШС-і өкілдерімен келісім-шартқа қол қойылды.
«Актив Энерготрейдтен» бөлек Қырғызстанның электр қуатын «Теміржолэнерго», «ГЭС-Энерго Алматы», «Энергопоток» және «Онтүстік Жарық» ЖШС-лері де сатып алатын болып отыр.