Қырғызстан-Қазақстан қарым-қатынасы жаңа сапалы деңгейге көтерілуде - Қырғызстанның Үкімет басшысы

БІШКЕК. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қазақстан Республикасы Қырғызстан шаруаларына грант ретінде 500 тонна жүгері тұқымын бөледі.
None
None

Бұл туралы Қырғызстанның ЭлТР телекомпаниясына берген сұхбатында Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев мәлім етті.

«Сонымен қатар Қазақстан 2011 жылдың 1 мамырына дейін Қырғызстанға мұнай өнімдерін, яғни 10 мың тонна дизель отыны мен 10 мың тонна жанар-жағармайды нарықтық баға бойынша жеткізіп тұруға келісті. Бір сөзбен айтқанда, Қырғызстан-Қазақстан қарым-қатынасы жаңа сапалы деңгейге көтерілуде», - деп атап өтті Қырғызстан Үкіметінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар