Қырғызстан Қазақстанмен кедендік барьерлерін жеңілдетіп, ЕАЭО-мен өзара сауданың стратегиялық есебін енгізуде

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның 2015 жылдың 1 мамырынан бастап ЕАЭО құрамына кіруіне байланысты ол Қазақстанмен шекарадағы кедендік әкімшелендіруді тоқтатады.

Қырғызстанның Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армениямен өзара сауда есебінің қызметі Қырғызстан Республикасы Ұлттық статистикалық комитетіне жүктеледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты кезінде тілшілерге комитет төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Байжұманов хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, мәліметтерді жинау сыртқы сауда қызметімен шұғылданатын шаруашылық субъектілерінің статистикалық есептілігін алу жолымен жасалады. Ал статистикалық есептілікті жинау 2015 жылдың 1 мамырынан басталады. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтар жасалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарларды өзара саудалау туралы ақпаратты Ұлттық статистикалық комитетінің ресми сайтынан алуға болады. Ол жерде сондай-ақ статистикалық форманы толтыру кезінде қажетті классификаторлар мен анықтамалықтар орналастырылған», - деп нақтылады Ж.Байжұманов.

Соңғы жаңалықтар