13:45, 05 Шілде 2010 | GMT +5
Қырғызстан Кеден одағына мүше болуға бекініп отыр - Р. Отынбаева
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қырғызстан Кеден одағына мүше болуға бекініп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 27-ші мәжілісінен кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған мәлімдемеде Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отынбаева айтты.

«Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болып табылатын Қырғызстан жұмыс тобын құрды. Ол жұмыс тобы Қырғызстанның Кедендік одаққа мүше болуының барлық шарттарын өте мұқият зерттеуде. Біз Кеден одағына кіруге бекініп отырмыз», - деді Р. Отынбаева.
«Біз барлық тараптар үшін өзара пайданы ескере отырып, өзіміздің шарттарымызды салыстыруымыз керек», деді ол.