Қырғызстан күзде Кеден одағына мүшелікке қабылданбақ

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Кеден одағына кіруі үшін Жол картасын даярлайтын жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы бүгін Ақордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысынан кейінгі бірлескен мәлімдемеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Алқалы жиын барысында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің ауқымын кеңейту мәселелері қарастырылғанын баса айтқан Елбасы Н. Назарбаев, «Өздеріңіз білетіндей, Қырғызстан Кеден одағына кіруге өтініш берді. Біз оны қараудамыз. Қырғызстанның Кеден одағына кіруі үшін тиісті Жол картасын даярлайтын жұмыс тобы құрылды», - деді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Украина Кеден одағымен болашақта Еуразиялық экономикалық одаққа айнатын Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысына бақылаушы мәртебесін алу үшін ниет танытып отыр.

«Украина Президенті мен Қырғызстан Президенті бүгінгі отырысқа шақырылды және олар біздердің пікірсайыстарымызға қатысты. Біз олардың ниеттеріне қолдау білдірдік. Әрі тиісті шешімдер қабылдадық», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар