Қырғызстан мен Беларуське ЕАЭО аясында тауар айналымын өсіру қажет - В.Андрейченко

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко Беларусь пен Қырғызстан арасындағы тауар айналымын айтарлықтай арттыруды қажет деп санап отыр. Бұл туралы ол ҚР-ның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қубанычбек Өмірәлиевпен кездесу кезінде хабарлады, деп жазады БЕЛТА.

Владимир Андрейченко Қубанычбек Өмірәлиевті Елші қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оның дипломатиялық жұмысының бай тәжірибесі достық байланыстардың кеңеюіне септігін тигізетініне сенімін білдіріп өтті. Спикердің айтуынша, Беларусь Қырғызстанмен ынтымақтастықтың дамуына үлкен мән беріп отыр. Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Өкілдер палатасы Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы заңды бекіткен соң, құжатты Республика Кеңесі мақұлдап, Президент қол қойды.

«Біз үшін бұл екі есе жағымды, себебі аталған жұмыс Беларусьтің ЕАЭО-қа төрағалық етуі кезінде жасалған. Бұл келісімге қосылу соның ішінде Қырғызстан үшін де үлкен жолдар ашады деп ойлаймын», - деп байқап өтті ол.

Спикер Қырғызстан экпортының 40 пайызға жуығы ЕАЭО елдеріне тиесілі екеніне назар аудартты, алайда Беларусь пен Қырғызстанның сауда-экономикалық қатынастарының соңғы жылдары айтарлықтай төмендеп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты, Владимир Андрейченконың айтуынша, екі елдің парламентшілері мен Елшілерінің басты міндеттерінің бірі - тауар айналымын өсіріп, оның ең болмағанда 230 млн. долларды құраған 2011 жылдың деңгейіне шығару.

«Менің ойымша, бұл көрсеткіш те біз үшін шекті емес», - деді ол.

Өкілдер палатасы төрағасының айтуынша, тек тауарларды сатудың ғана емес, сондай-ақ кооперация, құрастыру өндірістерін құрудың да жақсы әлеуеті бар, оған қоса, осындай тәжірибе баршылық: Қырғызстанда Минск трактор зауытының тракторларды құрастыру өндірісі құрылып, жақсы жұмыс істеп жатыр.

«Одан әрі қадам басуға дайынбыз. Беларусьтің мүмкіндіктерін білесіздер», - деп атап өтті спикер.

Владимир Андрейченко екі мемлекеттің өзара ықпалдастығын кеңейтуге сондай-ақ үкіметаралық комиссияның (жұмысын ұзақ үзілістен кейін 2015 жылы жаңартты) жұмысына қатысып отырған парламентшілер тікелей атсалысу керек екеніне сенімді.

Беларусьтің бесінші шақырылымының Ұлттық жиналысында Қырғызстан парламентімен ынтымақтастық бойынша жұмыс тобы құрылған, ал Қырғызстан парламентінде Беларусьпен ынтымақтастық бойынша депутаттық достық тобы жұмыс жасайды. Бұдан басқа, көрмелер, жәрмеңкелер, бизнес-форумдар, байланыс-кооперациялық биржаларды және т.б. өткізу бойынша түрлі бастамалар күтіліп отырған Іскерлік ынтымақтастық кеңесі құрылған.

Өз кезегінде Қубанычбек Өмірәлиев Беларусь тарапына жылы шырайлы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Беларусь пен Қырғызстанның барлық бағыттар бойынша ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін атап өтті. ЕАЭО-дағы жұмыстан басқа, Қырғызстан Елшісі Беларусьтің ұйымда байқаушы дәрежесіне дейін мәртебесі өсуіне байланысты Шанхай ынтымақтастық ұйымында өзара ықпалдастықтың бола түсетініне үмітін білдірді.

Соңғы жаңалықтар
telegram