Қырғызстан парламентінде басқарушы коалиция таратылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда «Ата Мекен» парламенттік фракциясы басқарушы коалициядан шығу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін ҚР Жогорку Кенеша депутаты Жоомарт Сапарбаев мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұл шешімді оның партияластары құптағанын атап өтті.
None
None

ҚР Жогорку Кенешаның «Ырыс алды ынтымақ» басқарушы коалициясына 3 фракция: Қырғызстан соцаил-демократиялық партяисы, «Ар-Намыс» және «Ата Мекен» кірген. Тағы 2 фракция оппозициялық сапта тұр, сонымен бірге тәуелсіз депутаттардан тұратын шағын топтар да бар.

«Ата Мекен» фракциясының шығуымен, көпшілік фракциясы ыдырауда және Жогорку Кенеша фракцияларына жаңа коалицияны құру туралы келіссөздер жүргізуге тура келеді. «Ырыс алды ынтымақтың» таралуымен қазіргі үкімет отставкаға кетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар