Қырғызстан парламентінің басшысы отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы кеңестің төрағасы Чыныбай Тұрсынбеков бүгін парламент отырысында өз өкілеттілігін тоқтатты, деп хабарлайды Кабар.
Тұрсынбеков бұл қадамға қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін барғанын айтты.
Депутаттар Ч.Тұрсынбековтың парламент басшысы қызметін кәсіби, сапалы әрі әділетті атқарғаны үшін алғыстарын білдірді.