Қырғызстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ақмола облысына іссапармен келді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа инвестициялар, инновациялық жобалар, Астананы азық-түлікпен қамтамасыз етудегі игілікті істер жайындағы ойын ортаға салып, алдағы міндеттерді тарқатып өтті. Облыс өзін жұмыртқа және картоп өнімімен қамтамасыз етуді толықтай жүзеге асырса, сүт және ет өндірісінде 70 пайыздық деңгейге қол жеткізілген. Бұл бағытта тауарлы-сүт фермалары мен бордақылау алаңдарының салынып жатқанын тілге тиек етті. Өнеркәсіпте «Семізбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уран өндірісін қолға алып, екі цемент зауыты мен «Васильков тау-кен комбинатында» алтын айыру зауыты құрылысы басталғандығын атап өтті. Елші мырза көші-қон саласына қатысты сауалдарды ретке келтіруге байланысты бірқатар үкіметаралық құжаттар, кедендік рәсімдерді толтыру, өзара ынтымақты қарым-қатынас, қырғыз елінің аймақтары мен облыстың экономикалық байланысы жайын қозғады.