Қырғызстанда 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанның оңтүстігінде Ош пен Баткен маңайында 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қырғыздың Сейсмология институты мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер асты дүмпуі жергілікті уақытпен 9 наурызда таңғы сағат 05:39-да сезілген. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, Қара-Тейіт ауылының оңтүстік-батысына қарай 38 шақырым, Қарамық ауылының оңтүстік-батысына қарай 40 шақырым, Шибээ ауылының оңтүстік-батысына қарай 48 шақырым (Ош облысы), Баткен ауылының оңтүстік-шығысына қарай 115 шақырым, Оштың оңтүстік-батысына қарай 185 шақырым жерде орналасқан деп нақтыланды.