Қырғызстанда болған жер сілкінісін алматылықтар да сезінді
«27 қаңтар күні сағат 06:11-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар, бүлінген дүние жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.
«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.
«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 191 шақырым жерде, Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11.9 MPV, магнитудасы – 5.2. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 -3 балл қуатымен сезілген.
Фото: ekonomigundemi.com.tr