Қырғызстанда контрабандамен күрес күшейтілмек
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда мемлекеттік шекара арқылы контрабандалық тауарларды өткізуге қарсы күрес шаралары күшейтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғыз Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қырғыз басшысы ұлттық экономиканы қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге, ел аумағында контрабандамен және есепке алынбаған тауарларды әкелуге қарсы күреске бағытталған арнайы Жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес контрабандалық тауарларды, сондай - ақ үшінші елдермен және одаққа мүше мемлекеттермен сауда шеңберінде жүктерді заңсыз өткізу үшін пайдаланылған көлік құралдарын тәркілеу енгізіледі; ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы үшінші өтетін тауарлардың транзиттік ағынын бақылау күшейтіледі; заң нормаларын бұзған импорттаушылардың көлік құралдары арнайы тұрақтарға қойылмақ.
Фото: economist.kg