Қырғызстанда сайлау кезінде қауіпсіздік күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент сайлауы кезінде жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған кез-келген әрекеттер қатаң жазаланатын болады. Бұл туралы қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлім етті, деп хабарлайды Кabar.
None
None

Атамбаев сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңдері мен президент сайлауы күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының барлық қажетті шараларды қабылдауы керектігін баса айтты.

Қырғыз елінің басшысы Үкіметке  сайлаушылардың тұрақтылық және қауіпсіздік жағдайында өз еріктерімен дауыс беру құқығын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум