Қырғызстанда тайталасты тоқтатып, жаңа қақтығыстарға жол бермеу қажет - «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин

Бұл ақпаратты партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі таратып отыр.
Өзара әңгіме барысында Н.Нығматулин Қазақстанның қырғыз ағайындарға алғашқы күннен бастап жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп келе жатқанын еске салды. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Қырғызстанға гуманитралық көмек ретінде жанар-жағармай және егістік науқанына қажетті дәнді дақылдар жіберген-ді.
Қырғыз Республикасында орын алған жағдайды талқылай отырып, тараптар өзара пікір алмасты. Атап айтар болсақ, Қырғызстандағы қазіргідей қиын жағдайда мұндай кездесудің маңыздылығы тілге тиек етілді. Қазіргі уақытта «Тілек» қоғамдық қозғалысын басқаратын Феликс Кулов, қырғыз елінде болып жатқан соңғы жағдайлардан қысқаша хабардар етті. Н.Нығматулин Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде қырғыз елінің тезірек дағдарыстан шығуына белсене араласып отырғанын баса айтты.
«Қазір ортақ күш біріктіре отырып тайталасты тоқтату, одан әрі адам өлімін болдырмау, жаңа қақтығыстарға жол бермеу аса маңызды», деп атап өтті партия Төрағасының бірінші орынбасары.