Қырғызстанда жол көлік апатынан 8 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек-Ош автожолында болған жол апатында 8 адам қаза тауып, 3 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды kabar.kg .
Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол көлігі апаты бүгін таңертең сағат 6.00-де (Бішкек уақытымен) Таш-Құмыр қаласы ауданындағы Бішкек-Ош автожолының 460-ыншы километрінде болған. Жол апаты барысында үш көлік - ішінде екі адамы бар MAN жүк машинасы, 6 жолаушысы бар «Хонда Одиссей» және 9 адамы бар «Хонда Степвагон» бір-біріне соғылған. Хабарламада көрсетілгендей, жол апаты салдарынан сегіз адам - «Хонда Степвагон» көлігіндегі барлық жолаушы - 4 ер адам, 3 әйел және 5 жастағы қыз бала оқиға орнында көз жұмған.