Қырғызстанда жол полицейлеріне жеке көлікпен торуылдауға ресми түрде рұқсат берілді

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда ЖПҚ қызметкерлеріне жұмыс жүргізу кезінде жеке көлікті пайдалануға ресми түрде рұқсат берілді.
None
None

Қырғыз Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінше, қызмет жүргізуге арналған қызметтік патрульдік көлік құралдарының жетіспеушілігіне байланысты ЖПҚ бөлімшелерінің жеке құрамы 2015 жылдың 26 тамызында «Қырғыз Республикасы ІІМ ЖПҚ қызметкерлерінің жұмысында жеке көлік құралдарына пайдалану туралы» бұйырығына қол қойылды.

Ведомствода атап өтілгендей, ол үшін штаттағы қызметкер жол-патрульдік қызмет функцияларын іске асыратын белгілі бір бөлімшемен оның жеке иелігіндегі көлік құралын пайдалану туралы типтік келісім орнатуы тиіс.

Бұйрық нормаларына сәйкес, ЖПҚ қызметкерлеріне жеке көлігін арнайы жарық-дыбыстық дабыл белгісімен және арнайы цветографиялық кестелермен жабдықтауға рұқсат беріледі және оны жұмыс жүргізу кезінде ғана қызметтік мақсатта пайдалану ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар