Қырғызстандағы ҚР Елшілігі Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел өткізді

ҚР Елшісі Айымдос Бозжігітов өз сөзінде 2015 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күні үшінші рет аталып өтілетінін хабарлады. Бұл күнді тойлау - Қазақстанның әлемнің саяси мәдениетіне енгізген жаңашылдығы емес екенін, бұл мереке көптеген елдерде (АҚШ, Түркия, Исландия және т.б) дәстүрге айналғанын атап өтті.
Қазақстандық дипломат жиылғандарға тәуелсіздік алғаннан ҚР Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан «2030-Стратегиясындағы» негізгі міндеттерді мерзімінен 12 жылға бұрын орындап, әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына енгенін айтты.
Соңғы он жылда Қазақстанда өнеркәсіптің өнімін шығару 20 есеге, сыртқы сауда көлемі 12 есеге көбейгені, жұмыссыздық көрсеткіші екі есеге азайып, азаматтардың табысы 16 есеге ұлғайғанын, $180 млрд-тан астам шетелдік тікелей инвестиция тартылғанын, білім беру бюджеті 10 есеге артқанын атап өтті.
ҚР Елшісі А. Бозжігітов қазақстандық-қырғыз қатынастарының деңгейіне баға берді. Айта кету керек, екі елдің өзара саудасының көлемі 2012 жылдан 1 миллиард АҚШ доллары көрсеткішінен асады және жыл сайын артып келеді.
Сөз соңында ҚР Елшісі А. Бозжігітов Қазақстанның жаңа тарихы елдің қазіргі жетістіктері Отан мен халық өмірі үшін жауапкершілікті мойнына алған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың идеяларымен және қызметімен байланысты екенін көрсететінін атап өтті.