Қырғызстандағы президент сайлауында 2,9 млн адам дауыс бере алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасы мемлекеттік тіркеу қызметі «ҚР Президентін және Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, орталық сайлау комиссиясына алда өтетін Қырғызстан Президенті сайлауына қатысатын сайлаушылардың алдын ала тізімін өткізді, деп хабарлайды "Кабар".

Қырғызстандағы президент сайлауында 2,9 млн адам дауыс бере алады

Мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметінше, алдын ала тізімге 18 жасқа толған және биометрлік тіркеуден өткен азаматтардан тұратын 2 млн 914 мың 588 сайлаушы кіреді. 15 тамыздан бастап сайлаушылардың алдын ала тізімдері танысу үшін сайлау учаскелерінде жарияланатын болады.