11:17, 19 Маусым 2010 | GMT +5
Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін халықаралық қоғамдастықтардың күш-жігерін біріктіру қажет - П.Морель
БРЮССЕЛЬ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін халықаралық қоғамдастықтардың күш-жігерін біріктіру қажет.

Мұндай пікірді өзінің аймаққа жасаған сапарының қорытындысы бойынша Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морель қазақстандық журналистерге мәлім етті.
Оның айтуынша, Қырғызстандағы жағдай шиеленісті күйде қалып отыр. Босқындардың легі тоқтаған жоқ. Қырғызстанда болып жатқан оқиға - Орталық Азиядағы теңдессіз, бұрын болмаған жағдай. «Көмек жеткізілуін, оның қауіпсіздігін, сондай-ақ адамдардың көмекке қол жеткізе алуын ұйымдастыру қажет», - деді П.Морель.
Сонымен қатар, халықаралық қоғамдастық ары қарайғы іс-әрекеттің жоспарын құруы керек.
Осыған байланысты П.Морель Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін халықаралық қоғамдастықтардың күш-жігерін біріктіруді, сонымен қатар Еуроодақ пен ЕҚЫҰ ресурстарын іске қосуды ұсынып отыр.