Қырғызстандық өзін кемсіте беретін анасын өлтіріп тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош қаласында өзінің 61 жастағы анасының өліміне күдікті 39 жастағы әйел ұсталды, деп жазады Кабар.    
None
None

Бұл жайлы қалалық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, 23 тамыз күні жанжал кезінде қыз өз анасының сол жағынан пышақпен ұрған. Жарақат алған әйел көмек сұрай көшеге қарай жүгіріп, артынша ес-түсінен айрылып құлаған. Қанға боялған әйелді көрген көршілері дереу полиция мен жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер зардап шегушіні ауруханаға жеткізді, алайда ол ес жинмастан көз жұмды.

Қылмыс орнына тергеу тобы мен қалалық ІІБ қызметкерлері келді. Тиісті сараптама тағайындалды.

«Сол күні анам менің сәтсіз, ақылсыз және сорлы екендігімді, менің ешкімге керек еместігімді тағы қайталай айта бастады. Осыдан кейін өзімді ұстай алмай, оны пышақпен ұрдым», - делінген күдіктінің түсініктемесінде.

Күдікті қайтыс болған әйелдің жалғыз қызы. 

Соңғы жаңалықтар