Қырғызстанға саяхаттайтын қазақстандық туристер саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі Қазақстаннан келетін жолаушылар легінің артқандығын мәлім етті, деп хабарлайды Kabar.
None
None

«Туристік маусым басталғалы қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасынан  өтетін жолаушылардың, жүк және көлік құралдарының саны артты», - деп хабарлайды Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінен.

Еуразия экономикалық одағы елдері азаматтары Қырғызстанға көп жағдайда туристік мақсатпен (Ыстық көлге бару үшін) келеді.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында 8 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді: «Ақжол-автожолы», «Ақтілек-автожолы», «Токмок-автожолы», «Кен-Булун-автожолы», «Чалдыбар-автожолы», «Қарқара-автожолы», «Чон-Капка-автожолы», «Қайыңды-теміржолы».

Мемлекеттік шекарамен адамдарды, жүктер мен көлік құралдарын өткізу тәулік бойы жүзеге асырылуда. 

Соңғы жаңалықтар