Қырғызстанмен шекарада 16 жасар тараздық контрабандашы құрықталды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл ауданының Гродиково ауылында Қырғызстанмен шекарадағы «Айша Бибі» бақылау-өткізу бекетінің жанында кеден қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отыра жас контрабандашы - Тараздың «Болашақ» колледжінің 16 жасар студенті ұсталды.
None
None

Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Нұржан Қалметов хабарлады.

"Есірткінің уытына масайған жеткіншекті тінту кезінде одан Қырғызстаннан заңсыз алып шыққан 80 грамм марихуана тәркіленді", - деп хабарлады полиция полковнигі.

Соңғы жаңалықтар