Қырғызстаннан елге 20 мың қорап темекіні заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

None
Фото: t.me/knbgov_kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстаннан елге 20 мың қорап темекіні заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

2023 жылғы 14 сәуірде шекарашылар Жамбыл облысының «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына 20 160 қорап түрлі маркадағы темекі өнімдерінің ірі партиясын заңсыз алып өтудің жолын кесті. Алдын ала есеп бойынша тауар кұны шамамен 5 400 000 теңгені кұрайды.
Анықталған жүк процессуалдық шешім кабылдау үшін Меркі ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.
Сонымен катар, 2023 жылғы сәуір айының 14-і мен 17-сі күндері Шекара қызметі Жамбыл облысының «Ақсу» және «Кеңес» шекара бөлімшелерінің учаскелерінде Мемлекеттік шекараны бұзған Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды.
Ұсталғандарға катысты тексеру іс-шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар
telegram