Қырғызстанның бірінші вице-премьері: Біз Қазақстанға уақытылы көрсетілген көмегі үшін алғыс айтамыз

БІШКЕК. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғызстанның бірінші вице-премьері Амангелді Мұралиев Қазақстанға қиын кезеңде уақытылы көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
None
None

Оның сәрсенбі күні болған брифингіде айтқанындай, Қырғызстан ауыр кезеңді бастан кешіруде.

«Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тамыз айының екінші жартысында Алматы қаласында іс-қимыл жоспары жөніндегі донорлық конференция құруды бастағаны үшін алғысымызды айтамыз. Біз кепілдендірілген көмек немесе жәрдемақылық несие алуға үміттенеміз», - деп атап өтті ол.

А.Мұралиев екі үкіметтік комиссияның бірлескен жұмысы барысында энергетика, су ресурстары саласындағы ынтымақтастық туралы маңызды шешімдер қабылданғандығын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар