Қырғызстанның оңтүстігінде үш ресейлік альпинист қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен облысында ресейлік үш альпинист қаза тапты. Бұл туралы Қырғызстан Қарулы күштері Бас штабының ақпараттық қамту басқармасынан хабарлады.
None
None

Басқарма қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, ресейліктер Ленин шыңына шығу кезінде ажал құшқан. "Олардың мәйітін алып келуге елдің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшағы тартылды", - деді басқармада.

"Биыл Әуе қорғанысы күштерінің авиациясы он реттен астам ұшқан, - деп атап өтті бас штабта. - Нәтижесінде 26 адам құтқарылды, сегіз адамның мәйіттері елді мекендерге жеткізілді".

Соңғы жаңалықтар