Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінісі салдарынан бірнеше үй зақымданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Қырғызстанның оңтүстігінде жер асты дүмпулері орын алып, бірнеше ғимаратқа зақым келді, деп хабарлады ТАСС елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі сәтте 5 үйдің зақымданғаны белгілі болды. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда, деп атап өтті министрліктен. - Олар жер сілкінісі салдарының ауқымын анықтап, кешке қарай соңғы мәліметтерді хабарлайды». Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында түнде жер асты дүмпулері орын алды, магнитудасы - 5,6-5,7. Жер сілкінісінің кіндігі облыс орталығы Ош қаласынан 35-45 шақырым жерде орналасқан.